Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды Prosports.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

WBO NABO ұйымының белдіктерінің біріне ие болған Қазақстанның жалғыз өкілі Қанат Ислам үздік үштіктен шығып, төртінші орынды иеленді.

Үздік үштікте британдық Лиам Смит, австралиялық боксшы Деннис Хоган және Джимми Келли тұр.