«Астана» ФК бас бапкері Йоан Андоне керекулік «Ертіске» қарсы өткен матч соңынан чемпиондық атақтан дәмелі екенін білдірді.

«Үш бірдей негізгі құрам ойыншысы алаңға шықпады. Дегенмен нәтижеге ризамын. Чемпиондық атақ үшін соңына дейін күресеміз. Келесі турда «Ақтөбі» ұтуға тырысамыз», - деді.