Бүгін Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді. Құраманың жаңа бапкері Станимир Стоилов еліміздегі мықты саналатын барлық ойыншыларды құрамаға шақырды. Жастарды да бүгін алаңға шығарып көретіндігін ашық айтқан. Дегенмен алаңдағы басымдық «Астана» ойыншыларына берілетіні түсінікті.