Елордалық «Барыс» биылғы ҚХЛ маусымындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді.

Ари-Пекки Селин шәкірттері сырт алаңда Новосибирскілік «Сибирьмен» кездескен. Соңғы ойындарда «Барыс» әрең жеңіп жүр. Жағдай бұл жолы да қайталанды.

Букмекерлер ресейлік клубқа басымдық берген. Ойын басталысымен жетінші минутта Алексей Копейкин «Сибирьді» алға шығарды, екінші периодтың бел ортасында Дмитрий Кугрышев есепті еселеді - 2:0. Ойын тағыдырына алаңдай бастаған «Барыс» іске білек сыбана кірісті. 35-і минутта Найджел Доус Дастин Бойдтың пасынан дәл соққымен көзге түсті.Есеп 2:1 болып тұрғанда «Сибирь» қақпашысы ойынға қосылып кетті. Осы сәтті пайдалан отандастарымыз есепті теңестірді. Артынша Доус дубль жасап нәтижені қорытындылады - 3:2.