Премьер-лига матчтары басталғалы бері стадиондарда мұнша халық жиналмаған.

30-шы турдағы небәрі алты ойын 32 000 жанкүйердің басын қосты. Орта есеппен алғанда әр матчты 5 333 адам тамашалаған. Соның өзінде, Таразда 1 000 жанкүйер болды, Өскемендегі ойынды 1 500 кісі көрді, Оралда 2 000 жанкүйер жиналған. Алматының орталық стадионына, кеше, 13 000 көрермен келді.