«Ертістің» бапкері мен ойыншылары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Барша жанкүйерлерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Маған Павлодар қатты ұнайды. Өзінің ұлттық дәстүрлерін ұмытпайтын елді құрметтеймін», - деді команда бас бапкері Жерард Нус.

Айта кетейік, «Ертіс» келесі матчын 31 наурызда оралдық «Ақжайыққа» қарсы өткізеді.