Тағы бір боксшымыз жеңіске жетіп келесі кезеңге жолдама алды.

Алматыдағы бокстан әлем чемпионатында Қайрат Ералиев 56 келіде Румындық қарсыласы Николае Андреяны жеңді.  

Азия чемпионы Ералиев қарсыласынан мықты көрініп, төрешілердің шешімімен сенімді жеңіске қол жеткізді. Келесі кезеңде Қайрат қырғыз өкілі Омурбек Малабековпен кездеседі.