Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Майамидегі WTA турнирін жеңіспен бастады.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық Дженнифер Брэдимен кездесіп, оны екі сетте жеңді – 7:5, 7:6.

Екінші кезеңде Дияс ресейлік Светлана Кузнецовамен кездеседі.