Жартылай қорғаушы Хави катарлық «Аль-Садд» сапында тағы екі жылға қалады.

Бұл туралы клубтың бас директоры Турки Аль-Али айтты. Бірақ Хавидің катарлық командада қандай қызметте болатыны белгісіз. Мансабын ойыншы ретінде де жалғастыруы мүмкін. Нақты шешім кешірек жарияланады.

Айта кетейік, Хави «Аль-Садд» клубында 2015 жылдан бері ойнап келеді.