Astana Pro Team командасының велошабандозы Риккардо Минали Малайзия елінде өтіп жатқан «Тур Лангкави» жарысының төртінші кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Төртінші кезең Дунгун қаласынан бастау алып Пекан елді-мекеніне дейін созылды. Шабандоздар 183.8 шақырымды жүріп өтті. Риккардо Минали өзінің отандасы Андреа Гуардини мен малайлық Хариф Салехті артта қалдырып, жеңімпаз атанды.
«Лангкави туры». 4 кезең.
1. Риккардо Минали (Италия, Astana Pro Team) - 5:18:20
2. Андреа Гуардини (Италия, Bardiani CSF)
3. Хариф Салех (Малайзия, Terengganu Cycling Team)
«Лангкави туры». Жалпы есеп.
1. Адам Де Вос (Канада, Rally Cycling ) - 16:55:45
2. Ник Мохд Хазван Зулькифли (Малайзия, Forca Amskins Racing) - +0:00:14
3. Харрисон Свини (Австралия, Mitchelton-BikeExchange) - +0:00:22
4. Риккардо Минали (Италия, Astana Pro Team) - +0:01:09
Комментарии