«Ливерпуль» клубының шабуылшысы Мохамед Салах мысырлық Vodafone компаниясымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Осы аптадан бастап Vodafone компаниясының тұтынушылары Салах гол соққан сайын 11 (футболшының жейдесіндегі нөмірі) тегін минут алады.

Мысырлық футболшы Vodafone-нан басқа Uber және Pepsi компаниясымен серіктестік орнатқан.