Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығуларын біз шетелде өткізетін боламыз. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның спорт шебері, шаңғышы Николай Чеботько мәлім етті.

«Ертең біз дайындық жаттығуларын бастаймыз. Бұл - ұзақ кезең. Алдымен біз Австрияға он күнге барып, Рамзау тауларында жаттығамыз. Одан кейін бір айдай Финляндияда боламыз. Басты мақсат - аяқты қарға ертерек тигізіп, дайындықты бастау. Арғы жағын бапкерлермен бірге көре жатармыз. Мен өзім жеке және командалық спринтті қалаймын. 15 шақырымға дейін кез келген дистанцияға дайынмын...50 шақырымнан басқа», - дейді Н.Чеботько.