Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының жарыс жолына Қазақстанның тағы үш боксшысы шығады.

Атап айтқанда, Біржан Жақыпов (49 келіге дейін) ресейлік Белик Галановпен кездессе, Қайрат Ералиев (56 келіге дейін) Николае Андреянға (Румыния) қарсы шығады. Ал Жәнібек Әлімханұлы (75 келіге дейін) Әзірбайжаннан келген Солтан Мигитиновпен күш сынасып көрмек.

Айта кетейік, кешегі жекпе-жектерде Ілияс Сүлейменов (52 келіге дейін), Мерей Ақшалов (64 келіге дейін) және Антон Пинчук (91 келіге дейін) өз қарсыластарынан басым түсіп, келесі айналымға өткен болатын.