Футзалдан УЕФА кубогының жребесі нәтижесінде «Қайрат» пен «Тұлпар» бір топқа түсті.

«С» топқа түскен қос ұжым, ойындарын Алматыда өткізеді. «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенде қазақстандық жанкүйерлер екі бірдей қазақстандық команданың ойынына куә болмақ. Естереңізге сала кетсек, «Тұлпар» мен «Қайрат» бұның алдында «Урал кубогы» мен «Қазақстан кубогында» кездесіп, сол екі кездесуде жеңіске қарағандылық команда жеткен болатын.

Айта кетер жайт, «Қайрат» былтырғы УЕФА кубогының жеңімпаздары. «Тұлпардан» басқа бұл топта белорусьтік «ВитЭн», босниялық «Танго» командалары финалдық кезеңге бір жолдаманы сарапқа салады.

Элиталық раундтқа қатысушы командалар:

А тобы

«Барселона» (Испания)

«Хрудим» (Чехия)

«Тыргу Муреш» (Румыния)

«Локомотив» (Украина)

В тобы

«Динамо» (Ресей)

«Экономац» (Сербия)

«Слов-Матик» (Словакия)

«Лития» (Словения)

С тобы

«Қайрат» (Қазақстан)

«ВитЭн» (Белоруссия)

«Тұлпар» (Қазақстан)

«Танго» (Босния и Герцеговина)

D тобы

«Спортинг» (Португалия)

«Дьор» (Венгрия)

«Араз» (Әзірбайджан)

«Эйндховен» (Голландия)

«Қайраттан» басқа топтың қожайын ретінде «Лития», «Хрудим» және «Спортинг» командалары тандалған. Кездесулер 19-24 қараша аралағында өтеді.

Финалдық кезеңге әр топтың жеңімпаздары шығады.