«Галатасарай» футбол клубының шабуылшысы Дидье Дрогба «Golden Foot 2013» сыйлығының иегері болып танылды. 

Бұл сыйлық жасы 29-ға толған және 29-дан асқандар футболшыларға беріледі.   Дрогба бұл сыйды алу барысында басты қарсыласы мадридттік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдудан басым түскен. Роналдудың жүлдеден қағылған басты себебі жасы 29-ға толмаған. Соған қарамастан 28 жастағы Роналдуды тізімге қосып жіберген.

Дрогбаның осы жүлдені алу барысында Роналдудан бөлек, Давид Бекхэм, Икер Касильяс ( екеуіде «Реал»), Самуель Это О, Фрэнк Лэмпард (екеуі де «Челси»), Андрес Иньеста («Барселона»), Мирослав Клозе («Лацио»), Андреа Пирло («Ювентус»), Давид Терезеге («Ньюэллс Олд Бойз») сынды кіл мықтылар болды. Қызығы Бекхэм бұл тартысқа «Корольдік Клубтың» атынан қатысты. Басқада қатысушылардан қара маржан Дрогбаның бағы жанды.

Осыған дейін «Golden Foot» жүлдесін Златан Ибрагимович (2012), Райан Гиггз (2011), Франческо Тотти (2010) және Роналдиньо (2009) сынды жасы келген үздік футболшылар алған болатын.