Сербиялық Novosti.rs сайты «Астана» шабуылшысы Джордже Деспотовичтің америкалық «Лос-Анджелес Гэлаксиге» ауысуындағы соманың қанша екенін жазды.

Бұған дейін сербиялық тағы бір басылым Mondo елордалық клуб Деспотовичті 1 миллион еуроға сатады деп хабарлаған. Алайда Novosti.rs ақпаратына сүйенсек, елордалық клуб шабуылшының бағасын 1,5 млн еуроға дейін өсіре алған.

Естеріңізге салсақ, 26 жастағы форвард Қазақстанда «Астанадан» бөлек «Жетісу», «Қайрат» пен «Тобылда» өнер көрсетті.