​​​​​​​19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 19-28 наурыз аралығында Албанияның Дуррес қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Жиын аясында Александр Кузнецов шәкірттері Албания U19 құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар 24 және 27 наурыз күндеріне жоспарланған.

Қақпашылар: Олег Медведев («Астана»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Санжар Әйтім («Ертіс»), Әлім Ілиясов, Совет Сағи (барлығы - «Астана»), Дінмұхамед Қашкен («Жетісу»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»), Жантөре Жұмәділов («Ширак», Армения), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Жасұлан Қайыркенов, Сұлтан Сағынаев, Руслан Махан, Лев Скворцов (барлығы - «Астана»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Александр Усачев («Ақтөбе»), Мәди Жақыпбаев (Жетісу);

Шабуылшылар: Владимир Прокопенко (Астана), Максим Ваганов («Ордабасы»), Вячеслав Швырев («Қайрат»);

Жаттықтырушылар штабы: Александр Кузнецов – аға жаттықтырушы, Игорь Маштаков – аға жаттықтырушының көмекшісі, Ерлан Тілеуқұлов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ғалилбай Ахметов – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Владимир Горячий – администратор, Дінмұхамед Оралов – менеджер.