Франция чемпионатының 30-турында париждіктер сырт алаңда «Ниццаны» жеңді.

17-минутта «Ницца» ойыншысы Аллан Сент-Максимен өз клубын алға шығарған. Араға төрт минут салып, Анхель ди Мария есепті теңестірді. Ал 82-минутта Дани Алвес париждіктерге үш ұпай сыйлады.

ПСЖ 83 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Екінші орындағы «Монакодан» 17 ұпайға озып тұр.