Испандық голкипер ойынға шыға алмай жүргені үшін наразыланып, команда басшылапрына үш ай ойланатын уақыт беріпті.

Бұған дейін «ақсүйектердің» бапкері Карло Анчелотти «Касильяс Чемпиондар лигасы мен Испания кубогы аясында қақпаны қорғайды» деген болатын. Дегенмен көп ойындарда екінші қақпашы Диего Лопес алаңнан көрініп жүр. Бұған наразы болған Икер шорт кесіп өз талабын айтты.

«Әрине, «Реалда» қалып командамен бірге көптеген жүлде ұтқым келеді. Бірақ алдағы үш айдың ішінде жағдай өзгермесе басқа клубқа кетуге мәжбүр боламын» - деді қақпашы.