Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңі аясында кездескен көкшетаулық «Оқжетпес» пен «Академия Оңтүстік» командалары тең тарқасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«БИІК» футбол алаңында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. 59-шы минутта көкшетаулықтар сапынан Санат Жұмаханов есеп ашқан болатын. Алайда, ойынға қосылған қосымша уақытта Шыңғыс Сәменов есепті теңестіріп кетті.