Шабуылшы Қуаныш Бегалин мен жартылай қорғаушы Роман Павинич «Мақтааралмен» келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды отандық басылымдар.Екібастұз футболының 25 жастағы тәрбиеленушісі Қуаныш Бегалин өткен маусымды өзінің туған командасында өткізіп, 23 кездесуде 8 гол соққан болатын.Ал 26 жастағы Роман Павинич өткен маусымды петропавлдық «Қызыл-Жар» сапында өткізді. 14 ойынға қатысып, 1 гол соқты. Әрі командасының Премьер лигаға шығуына өз көмегін тигізді.