17 наурызда (Астана уақыты бойынша 18 наурыз таңертең) Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдиева өзінің кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін Коммерс қаласында (АҚШ. Калифорния штаты) өткізеді.Төрт раундқа жоспарланған кездесу жеңіл салмақта өтеді. Қарсыласы 29 жастағы америкалық Лиза Портер (1-1-1). Бұл жекпе-жек Facebook желісіндегі All Star Boxing & MMA парақшасында көрсетіледі. Қазақстандық жанкүйерлер кездесуді Астана уақыты 09:00-09:30 мөлшерінде мына сілтеме арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.

Аида Сатыбалдиева - Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 2015 жылы Қазақстан чемпионатына қатысқан.