Паралимпиада ойындарының чемпионы Александр Колядин өз жеңісін қайталай алмады, деп хабарлайды 24.kz

Шаңғы жарысында 10 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өткен спортшы 15-шы орыннан көрінді. Ал алтынды Жапония спортшысы Йошихиро Нитта жеңіп алды. Күміс медаль украиналық спортшы Григорий Вовчинскийға бұйырса, үштікті канадалық шаңғышы Марк Арендц түйіндеді.

Айта кетейік, Александр Колядин Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында классикалық әдіспен 1,5 шақырымдық спринтерлік шаңғы жарысында алтын медаль алып, Қазақстаннан шыққан тұңғыш қысқы Олимпиада чемипоны атанған еді.