Екатеринбургте өтіп жатқан «Ekaterinburg Grand Slam 2018» турнирінде қазақстандық Елдос Сметов (60 кг) жеңімпаз атанды. Жарыстың жартылай финалында жерлесіміз француз Валиде Хиярды жеңген болатын.

Финалда Елдосты жарыс қожайыны Ислам Яшуев күтіп тұрды.

Тартысты өткен белдесу Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерінің жеңісімен аяқталды. Финалда Елдос қарсыласын иппон әдісімен жеңді.