Американдық боксшы Джесси Харт (10-0, 9 KO) WBA/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге дайын екендігін мәлімдеді.

Бұл туралы Джесси Харт жартылай ауыр салмақтағы боксшы Тайрел Хендрикспен (10-2-2) кездесетіні болғаннан кейін esnewsreporting.com сайтына берген сұхбатында айтты. Харт пен Хендрикс жекпе-жегі 7 желтоқсанда Атлантик-Ситиде, Нью-Джерси штатында өтуі тиіс.

«Бірнеше жыл бұрын мен жаттығу кезінде Головкинді нокдаунға түсірген едім» дейді Харт.

Шаршы алаңда қай боксшымен кездесуді қалайтынын сұрағанда Харт қазақстандық Головкиннің атын атаған. Оның айтуынша, қазіргі кезде ол өз қарсыласынан әлдеқайда күштірек әрі ақылдырақ көрінеді.

Головкин қәзір америкалық боксшы Кертиса Стивенспен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр. Кездесу 2 қарашада Нью-Йоркте өтеді.