«Astana Pro Team» велошабондозы Асан Базаев маусым аяқталған сон үлкен спортпен қош айтысады, деп хабарлайды «Астананың» ресми сайты.

Естереңізге сала кетсек, Базаев Қазақстанның үш дүркін чемпионы сондай-ақ 2006-шы жылы бірінші болып «Астана» сапында «Германия турында» топ жарған отандасымыз.

«Асан команда құрылғаннан бері бізбен. Он жыл ішінде «Астана» сапында бүкіл әлемді аралап шықты. Соңғы «Тур де Франста» біраз көмегі тиді, мықты шабондозбен қоштасып отырмыз, Асанға алдағы өмірде тек қана жақсылықты тілейміз», - дейді «Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров.