Ирландия құрамасының қорғаушысы Шеймус Коулмэн қақпаға кірген голдың өз кінәсі екенін мойындады. Бұл туралы футболшы ойыннан кейінгі сұхбатында айтты дейді www.extratime.ie сайты.

«Бізде мықты ойыншылар бар екенін білеміз және Қазақстан секілді командаларға қарсы ойнағанда басымдыққа ие болғанымыз абзал. Түнеу күні жоғарғы деңгейде ойнадық. Допты емін-еркін бағындырдық. Жаңа бапкердің келуімен бұдан әрі жақсара түсеміз деп үміттенемін. Қазақстанға қарсы жақсы ойын өрнегін көрсеттік, енді әлеуетті қарсыластармен де солай ойнауымыз керек», – дейді Коулмэн.

Сейсенбі күні әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында жолыққан Ирландия – Қазақстан арасындағы ойын 3:1 есебімен аяқталғанын естеріңізге сала кетейік.