Түркия чемпионаты аясында «Фенербахчеге» қарсы дербидің алдында «Галатасарайдың» 25 мың фанаты өз командасының жаттығуын тамашалауға келді.

Жәй ғана тамашаламай, трибунада түрлі шоу жасап, жаттығып жүрген футболшыларға қолдау көрсеткен.

Стамбулдық дерби 17 наурызда өтеді. «Галатасарай» Түркия чемпионатында көш бастап келеді. Ал «Фенербахче» төртінші орында тұр.