Мексикалық боксшы Сауль Альварес осы айда үш рет допинг-сынама тапсырған. Бұл туралы BoxingScene жазды.

Порталдың ақпаратына сүйенсек, 2, 5 және 9 наурызда алынған үш сынама да «таза» болып шықты.

Айта кетейік, өткен айда Альварестің допинг-сынамасынан тыйым салынған препарат табылған болатын.