Биыл 1-ші лигада топ жарып Премьер-лигаға алдын-ала жолдама алып қойған қызылордалық «Қайсар» футбол клубындағы жағдай мүшкіл.

Sportsarap.com тілшісіне белгілі мәліметтер бойынша, 2013 жылы команда басшылығы ойыншылар мен қызметкерлер алдындағы қарызын толықтай өтемеген. Қазақстан Футбол Федерциясы тарапынан да бұл жайлы ескертулер жасалды. Сондай-ақ команданың жаттығу базасы салынып бітпеген. Қосалқы алаңындағы қайта жөндеу жұмытстары да тоқтап тұр. Алайда ең басты мәселе - ойыншылар алдындағы қарыз. Егер клуб футболшылардың жалақысын толық өтемесе ҚФФ команданы Премьер-лигаға өткізбейді.

Команда тағдырына бей-жай қарамайтын қызылордалық жанкүйерлер аталған мәселелерді көтеріп облыс әкімі Қрымбек Көшербаевтың атына хат жазды.