Қазақстан құрамасы Еуро-2016 додасының іріктеу сынында соңғы себетке түседі. Польша басылымдарының жазуынша, УЕФА рейтингінде жеребе тартылғанға дейін еш өзгеріс болмайды. Францияда өтетін ЕЧ іріктеу сынының жеребесі келер жылы 23 ақпанда Ницца қаласында тартылады. Ал іріктеудің өзі 2014 жылдың қыркүйегінде басталады. 

 1 себет: Испания, Германия, Нидерланды, Италия, Англия, Грекия, Португалия, Ресей, Босния

 2: Швеция, Украина, Хорватия, Дания, Швейцария, Бельгия, Чехия, Венгрия, Ирландия

 3: Сербия, Түркия, Словения, Румыния, Израиль, Норвегия, Словакия, Австрия, Черногория

 4: Армения, Польша, Шотландия, Финляндия, Латвия, Уэльс, Болгария, Эстония, Исландия

 5: Белоруссия, Солтүстік Ирландия, Албания, Литва, Молдавия, Македония, Азербайджан, Грузия, Кипр

 6: Люксембург, Қазақстан, Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар, Фарер.