«Романың» спорттық директоры Франческо Тотти Чемпиондар лигасы 1/4 финалының жеребе тарту рәсіміне қатысты пікірін білдірді.

«Жеребе нәтижесін білмей тұрып-ақ топ клубқа түсетінімізді сездім. Меніңше, біз намысымызды абыроймен қорғай аламыз», - деді Тотти УЕФА сайтына.
Еске салайық, «Рома» жеребе қорытындысы бойынша «Барселонамен» кім мықтыны анықтайтын болды.