Замбияның жоғарғы соты Бразилия құрамасына қарсы жолдастық кездесуге шықпаған үш ойыншыға қарсы тергеу жүргізбек.

Конго мемлекетінің  «Мазембе» клубында өнер көрсететін үш ойыншы - Рэйнфорд Калаба (Rainford Kalaba), Стоппила Сунзу (Stoppila Sunzu) мен Натан Синкала (Nathan Sinkala) Қытай астанасында Бразилия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде ойнау керек болатын. Оларды матч алдында «Мезембе» клубының басшылығы шақырып алды. Замбия өкілдері футболшылардың құжаттарын тартып алып мәжбүрлі түрде ойнатпақ болса да, аталған ойыншылар Конгоға ұшып кеткен. Енді оларға қарсы тергеу жүргізіледі.