Егер 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы қарсаңында ойындарға қатысу елдің намысын таптау секілді көрінетін болса, Грузия ойындардан бас тартуы мүмкін.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Бидзина Иванишвили мәлім етті.

Бұған дейін Грузияның Ұлттық Олимпиада комитеті ел спортшыларының жарыстарға шығатыны жөнінде хабарлаған еді, алайда соңғы күндері елде Грузияның Ресейде өтетін Ойындарға қатысуына қарсылық шаралары белсенді жүргізілуде.