«Манчестер Юнайтед» пен «Голландия» құрамасының шабуылшысы Робин Ван Перси әлем чемпионатына іріктеу кезеңнің үздік бомбардирі атанды.Ван Перси бұл іріктеу кезеңде он кездесуде он бір гол соғып тізімде көш бастады. Боснияның шабуылшысы Эдин Джеко тоғыз голмен екінші орында жайғасты. Уэйн Руни(Англия), Месут Өзіл(Германия), Ведад Ибишевич (Босния) сегіз голдан соғып үздік үштікті түйіндеді.