Ресей құрамасы футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатына қатысады. Бұдан басқа Босния тұнғыш рет әлем біріншілігіне бармақ.

Сондай-ақ түнде Англия мен Испания құрамалары әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндіктеріне ие болды. Бұдан бұрын Италия, Голландия, Швейцария, Германия да лицензия алған еді.

Ал екінші орын алған Хорватия, Швеция,  Румыния, Исландия, Португалия, Грекия, Украина, Франция құрамалары қосымша іріктеу кезеңіне қатысып, төрт жолдаманы сарапқа салады.

Оңтүстік Америкадан Чили мен Эквадор да Бразилияға барады. Бұл құрлықтан Аргентина мен Колумбия да жолдама мәселесін бұрын шешіп тастаған. Ал Уругвай Иорданиямен қосымша жолдамаға таласады.

Солтүстік Америкадан АҚШ, Коста-Рика, Гондурас жолдамаға иеленсе, Мексика мен Жаңа Зеландия бір жолдама үшін тағы бір кездесу өткізеді.