Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Ирвинг қаласында өтіп жатқан «Челленджердің» екінші айналымына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» сайты.Жерлесіміз жарыстың бірінші кезеңінде америкалық Остин Крайчектен басым түсті - 6:7, 6:4, 7:5. Енді келесі айналымда Кукушкин тағы бір америкалық Джаред Дональдсонмен күш сынасады.