Оңтүстік Кореялық конькиші Ким Бо Рым өзінің анасымен бірге психиатриялық ауруханаға жатып қалды, деп хабарлайды gazeta.ru сайты.
Дәрігерлер Кимнің денсаулығында кінәрат барын анықтап, оған ауруханада ем қабылдап шығуға кеңес берген. Оның анасында да дәл сол симптомдар анықталды. Сондықтан ол да қызымен бірге емделмекші. Пхенчханда өткен Олимпиадада Ким дауға қалған. Ол Оңтүстік Корея спортшыларының топтық жарыстағы нашар көрсеткішін командаласы Но Сун-йонгтан көрген.
Осыдан кейін Корея халқы Олимпиаданың күміс жүлдегеріне наразылықтарын білдіріп, 600 мың кісі "Ким үлттық құрамадан шығарылсын" деп өтініш жазған. Оқиғадан қорқып қалған спортшы адамдармен кездесуден қашып, ақыры жындыханаға түсті.