Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек Ирландияға қарсы өткен матчтан кейін келісімшарттың аяқталғанын мәлімдеді.

- Біз алғашқы таймда жақсы ойнадық. Көркемдік жөнінен мінсіз гол соққанымызбен, басымдықты сақтай алмадық. Өткізіп алған голымызды «қателіктен» деп айтудың өзі ұят. Екінші кезеңде алаң иелері тамаша ойнады. Ирландия құрамасын құттықтаймын.

Мирослав, соңғы нәтижелерден кейін отставкаға кетуді жөн санамайсыз ба?

- Іріктеу кезеңдегі ақырғы ойынды өткіздім. Келісімшарт бойынша да бұл соңғы ойын.