Ирландия құрамасының бас бапкері Ноэль Кинг кешегі матчтан кейін журналистерге сұхбат берді.

- Ойыншыларым жақсы өнер көрсеткендіктен өзімді бақытты сезініп отырмын. Қазақстан құрамасы да тамаша ойнады.

- Қаншалықты жақсы ойнады?

-Қазақстан құрамасы кәсіби ойыншылардан жасақталған, сондықтан қиындықтар туындады. Негізгі құрамда жас ойыншылар көп, сондықтан болашағынан үмыт күттіреді. Алған беттеріңізден таймай ілгерілей берсеңіздер жетістік көп күттірмейді.

- Бірінші таймда қиындықтар туындады ма?

- Қақпамызға гол кіргенде алаңдай бастадық, дегенмен жылдам голдың арқасында таразы басын теңестірді. Кейін оңайрақ болды.