2014 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңнің соңғы ойынын Қазақстан құрамасы жеңіліспен аяқтады. Ирландияда өткен матч 3:1 есебімен алаң қожайындардың пайдасына шешілді.

Отандастарымыз матчты тәп-тәуір бастаған –13-і минутта Дмитрий Шомко айып алаңы сыртынан жойқын соққымен есепті ашты.

Алайда жігіттер есепті сақтай алмады – Робби Кин пенальтиден гол соқса, Джон О’Ши Андрея Сидельниковтың қателігінен кейін есепті еселеді. Ойынның екінші бөлігінде Шомко өз қақпасына гол соғып «дубль» жасады.

Биылғы іріктеу кезңде 5 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы өз тобында бесінші орын алып Фарер аралдарын озды.

2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу.

Ирландия-Қазақстан – 3:1 (2:1)

Голдар: Р. Кин 17 (с пенальти), О’Ши 26, Шомко 78 (автогол) – Шомко 13