Мексикалық боксшы Норберто Гонсалес қазақстандық Қанат Исламға қарсы жекпе-жегін есіне алды.

«Қанат Ислам – мен жұдырықтасқан боксшылардың ішіндегі ең мықты панчер. Оның күші бар, бірақ ол дивизионның ең үздігі емес. Оған чемпиондық деңгейге шығу үшін тағы бір-екі жекпе-жек өткізу керек. Әзірше ол бұған дайын емес», - деді Гонсалес Laugh At First Site-қа берген сұқбатында.

Ислам мен Гонсалес арасындағы жекпе-жек былтыр 26 мамырда америкалық Бока-Ратонеде өткен болатын. Сол жекпе-жекте «Qazaq» төрешілер шешімімен жеңген еді.