Биатлоннан Әлем кубогының сегізінші кезеңі Норвегияның Холменколлен қаласында өтеді, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Аталмыш жарыс наурыздың 15-і басталып, 18-і аяқталады. Холменколленде спринт, эстафета және ізге түсу жарысы жоспарланған.

Биатлоннан Әлем кубогы 8-ші кезеңнің жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

15 наурыз

Әйелдер

Спринт, 7.5 шақырым – Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады

Ерлер

Спринт, 10 шақырым – басталуы 19:45

17 наурыз

Әйелдер

Эстафета, 4х6 шақырым – басталуы 17:30

Ерлер

Ізге түсу, 12.5 шақырым – басталуы 19:45

18 наурыз

Әйелдер

Ізге түсу, 10 шақырым – басталуы 17:00

Ерлер

Эстафета, 4х7.5 шақырым – басталуы 19:45