«Манчестер Юнайтед» - «Севилья»

Бүгін чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екі көманда белгілі болады. Бір қызығы бүгін жасыл алаңға шығатын төрт команданың да келесі кезеңге өтуге мүмкіндіктері сақтаулы. «Севилья» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы алғашқы ойында екі команда да гол соға алмаған. Бүгін енді гол соқпаса ойын тоқсан минутпен шектелмейді. Қалай дегенмен де болжамшылар басымдықты ағылшындық клубқа беруде. Біз де бұл пікірмен қосыламыз.