Бүгін Алматыда футзалдан Қазақстан чемпионатының жартылай финалының алғашқы кездесуі өтті. Жартылай финалда «Жетісу» мен «Ақтөбе» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталып, командалар жеңімпазды экстра-таймда анықтады.

Экстра-таймда сәттілік жетісулықтар жағында болып 7:4 есебімен жеңіске жетті.

Қос команда арасындағы екінші ойын ертең Астана уақытымен 17:00-де өтеді.