Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман мексикалық Сауль Альварестің допинг-сынамасына қатысты кезекті рет пікір білдірді.

Бұған дейінгі сұқбаттарында айтқанындай, Сулейман Канелоның «таза» екеніне сенімді.

«Канело төрт жылдан бері антидопингілік бағдарлама аясында тестілеуден өтіп жүр. Мен оның «таза» екеніне сенімдімін, ол ешқандай да алаяқ емес. Головкин мен оның командасы мұны түсінуі керек», - деді Сулейман RoundOs Oficial-ге берген сұқбатында.

Айта кетейік, ақпанда Альварестің допинг-сынамасынан тыйым салынған препарат табылған болатын. Алайда наурызда тапсырған екі сынамасында оның организмінен ешқандай допинг табылмады.

Головкин мен Альварес арасындағы рематч 5 мамырда өтеді.