Қарағандылық «Сарыарқа» команданың бас бапкері Дмитрий Крамаренкомен келісімшартын үзді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, команданың аға бапкері Дмитрий Кокорев те қызметінен кетті.

Крамаренконың жаттықтыруымен «Сарыарқа» ЖХЛ тұрақты чемпионатында төртінші орын алған. Кейін өз тарихында алғаш рет плэй-оффтың бірінші кезеңінде-ақ ұшып кетті.

Естеріңізге салсақ, Дмитрий Крамаренко «Сарыарқа» тізгінін былтыр қарашада ұстаған болатын.