«Қайраттың» бұрынғы қақпашысы, бүгінде пермьдік «Амкардың» қақпасын күзететін Дмитрий Хомич Қазақстан чемпионатын сынға алды. Бұл туралы Sport24.ru жазды.

- Маркос Пизелли маған «Ақтөбенің» мектеп алаңдарында ойнағанын айтты. Ал «Қайрат» қандай жерлерде ойнады?

- Бірде Қостанайға барғанбыз, ол жақта қақпалар кирпіштің үстінде тұр. Қызылордадағы стадион гараж сияқты. Үйдің артындағы аулада ойнап жүргендей күй кешесің. Ал Атырауда +37, +40 ауа-райында ойнадық. Жасанды алаңда қақпада тұру мүмкін емес. Доп қарсыластың жарты алаңында болған кезде, аяғым күйіп кетпеуі үшін қиыршық тастардың үстіне барып тұрдым.

Айта кетейік, Дмитрий Хомич алматылық «Қайраттың» намысын 2014 жылы қорғады.