59 жастағы білікті француздық маман обырдан қайтыс болды. 

Метсю Сенегал құрамасымен «Африка кубогында» финалға шығып, 2002-ші жылы әлем чемпионатының ширек финалына жетті.

Айта кетер жайт, Метсю ислам дінің қабылдап бапкерлік мансабын көбінесе Африка мен Азия командаларын жаттықтырып өткізді. Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен 2007-шы жылы «Парсы шығанағының кубогын» ұтқан.