Қайырлы кеш, достар! Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымымен бірге бас алған Beautiful Football-дың жаңа жобасының алғашқы жеңімпазы анықталды.

Шынымен де осыншалықты көп болжам болады деп ойламадық! 130-дан астам адам пікір білдірген. Сол себепті жеңімпазды анықтау ұзаққа созылды. Сондай-ақ азды-кем өзгерістер орын алды. Есепке тек дәл ұпай (3 ұпай) мен ойын нәтижесі (2 ұпай) жазылды.

Ең көп ұпайды екі қатысушымыз жинады. Сұлтан Рүстем мен Нұргелді Теңел есімді қолданушыларымыз 4 дәл есепті (12 ұпай) және бір ойынның нәтижесін (2 ұпай) тапқан.

Алайда жеңімпаз тек біреу. Сол себепті бірінші болып болжам жасаған Сұлтан Рүстемді жеңімпаз деп таныдық! Құтты болсын!

Келесі кезең 17 наурыз күні ел біріншілігінің 2 турына орай өтеді.